Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің 300-ден астам үлескері пәтерлерін ала алмай қалуы мүмкін. Көпшілігі қымбат пәтерді ипотекаға алуда. Алайда енді көпқабатты пәтер бұзылатын болады. Себебі құрылыс компаниясының көпқабатты үйлерді салуға рұқсаты жоқ болып шықты

«Қадам» тұрғын үй кешенінің үлескерлері бүгін құрылыс компаниясының кеңсесіне жиналды. Клиенттер үйінің бұзылғалы жатқанын естіген. Мұндай шешім қалалық әкімдікте қабылдаған. Адамдар, әрине, үзілді-кесілді қарсы. Енді дәл осындай сомаға пәтер таба алмаймыз ба деп қорқады.

“Бұл ақшаны қайтарған күннің өзінде жоспарлаған пәтерді сатып ала алмаймыз. Нарықта баға көтеріліп жатыр, доллар қымбаттап жатыр, құрылыс материалдар бағасы да өсуде. Сондықтан дәл мұндай пәтерді сатып ала алмаймыз”, – дейді Ақерке Рахымжанова.

Бұл тұрғын үй кешенінен 300-ден астам үлескер пәтер сатып алған. Клиенттерге компания ұсынған шарттар ұнаған. Шаршы метр үшін бағаның қолайлығы және үйдің ыңғайлы орналасуы. Біреулер ипотека рәсімдесе, енді біреулері соңғы жинаған ақшасын жұмсады. Кейбірі ескі пәтерін сатып, жаңасын сатып алды. Құрылыс жоспар бойынша жүргізіліп келе жатқан. Сосын халық сот болғанын, әлі аяқталмаған тұрғын үй кешенінің сүрілетінін естіген. Енді салымшылардың шешімге қарсы шығуға бір ай ғана уақыты бар.

“Неліктен іргетасы қаланып, пәтерлер енді салынып жатқанда, әкімдік мұның бәрін көрмеген? Әрекет етпеген? Ал енді үйлер толығымен салынып, тапсыруға дайын болғанда, қайтадан оны қиратуға дайын. Компания шынымен де тұрғын үй кешенін салуға рұқсаттары жоқ екенін мойындады”, – дейді Татьяна Тян.

Әкімдік мектеп салуға рұқсат беріпті. Бірақ кәсіпкерлер көпқабатты үй тиімдірек болатынын білген. Ешқандай ескертусіз олар жұмысқа кірісіп кеткен.

“Біз шұңқыр қазуға кірістік, өйткені күз басталып келе жатты. Күзде, қыста шұңқыр қазу бізге қиын болады. Сондықтан ауа райы қолайлы екенін пайдаланып қаздық. Алғашқы қаражат болған кезде өзімізге материал сатып алдық. Біз газ блоктарын сатып алдық, олар қар астында қалды, арматура тот басып бара жатты. Тәуекел етіп сала берейік деп шештік”, – дейді Құрылыс компаниясының өкілі Нұртас Маджанов.

«Қадам» тұрғын үй кешені бес үйден тұруы керек еді. Бүгінгі таңда оның екеуі салынып бітті. Әкімдік тұрғызылған үйді бұзуды талап етуде. Мамандар бұл жерде заң бұзушылықтарды анықтаған. Үлескерлер қандай заң бұзушылық екенін білмейді. Сот шенеуніктердің пайдасына шешім шығарды. Сондай-ақ, құрылыс компаниясына бір жарым миллион теңге айыппұл салынды.

Мәтін:stan.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!