Аса ірі көлемде – 110 мың доллар (52,5 миллион теңгеден астам) пара алу фактісі тергелуде.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара талап етті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Elorda.info 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Экс-министрдің қылмыс жасағаны нақтыланды. Бейшеналиев 28 қыркүйек күні Бішкек қаласында ұсталды.

Аса ірі көлемде – 110 мың доллар (52,5 миллион теңгеден астам) пара алу фактісі тергелуде. Ол шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау үшін ақша талап еткен. Тергеу нәтижелері бойынша толық ақпарат беріледі, – деп мәлімдеді Қырғызстан ішкі істер министрлігі.

Мәтін мен фотосурет дереккөзі: elorda.info/

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!