Облыстық Полиция департаменті бастығының ұйымдастыруымен департаментте қала әкімі, қала прокуроры, қалалық мәслихат депутаты, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері, педколледж директорының орынбасары, БАҚ және қоғам белсінділерінің қатысуымен кездесу өтті.

Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын 11-ші тамызда Полиция департаментінде Өсербаев көшесі бойындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша, департамент бастығының төрағалығымен дөңгелек үстел өтіп, біршама мәселелер талқыланып, алдағы атқаратын жұмыстардың жоспары құрылып, нақты тапсырмалар берілген болатын. Осы орайда, тиісті қызмет сала өкілдері қайта бас қосып, берілген тапсырмалардың орындалу барысын талқылады.

«Өсербаев көшесі халық көп шоғырланатын жер болғандықтан тәулік бойы қызмет атқаратын стационарлық полиция бекеті орналастырылды. Бұл бекетке үш ауысымды кезекшілікке үш қызметкерден бөлінді. Құқық бұзушылық жасағандарға әкімшілік жауапқа тарту қолға алғаннан кейін, сол аймақтың тұрғындардан 102-арнасына қоңырау шалу, әлеуметтік желелілерде сыни пікірлер жариялануы азайды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері жаңартылып орнатылды. Бұл бағыттағы жұмысты әлі де қорытындылаймыз, бірақ қазіргі таңда өзгерістер бар деп айтуға болады, рейдтік іс-шаралар жалғасуда»,-деді Департамент бастығы Мұхтар Қожабаев. 

Содан соң жиында Қызылорда ҚПБ бастығы Әбдібек Жаназаров аталған аймақта атқарылған жұмыстар туралы толығырақ баяндап шықты. Қалалық ПБ бастығының есебінен кейін талап, ұсыныстарын айту үшін қалалық депутат Ерлан Мусаевқа, қоғам белсенділері Ляззат Бақтыбаеваға, Динара Эшатоваға сөз берілді. Олар түйткілді мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстарын, пікірлерін жеткізді.

Басқосудан кейін барлық қатысушылар Өсербаев, Қорқыт Ата, Әйтеке би көшелерінің тұрғындарымен кездесті. Жиналған тұрғындар департамент басшылығы, қала басшысымен жүздесіп, мұң-мұқтаждарын айтып қалғысы келді. Тұрғындар жалға берілетін пәтерлердің, тәулікке, сағатына тапсырылатын пәтерлердің, жалға алушылардың санитарлық талаптарды сақтамауы, түнгі уақытта дүкендерде арақ сату деректері орын алуы, қоғамдық тыныштық ережелерін бұзуы жайлы өзекті мәселелерді қайта көтерді.

Өсербаев көшесіндегі өзекті мәселелер мен қауіпсіздікті жақсарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша департамент бастығы Мұхтар Қожабаев орынбасарларына, қалалық Полиция басқармасының бастығына нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар қала әкімі де тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Кездесу соңында, ПД бастығы барлық сауалдар мен ұсыныстарды жұмыста ескеретіндігін және жұмыс нәтижесі тек қана ауызбіршіліктің арқасында болатынын атап өтіп, тұрғындарды, жеке кәсіпкерлерді бірлікке, ұйымшылдыққа шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!