Оралда 30 жастағы тұрғынды тонаған күдікті әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода белгісіз жігіттің тұрғынды жерге құлатқан сәтін байқайсыз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан кадр

Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, оқиға таңғы уақытта Омега жол көпірінің астында болған. Сол маңнан өтіп бара жатқан 30 жастағы әйелге күтпеген жерден ер адам шабуыл жасайды. Әйел қашып кетуге тырысқанымен, қарақшы оны мықтап ұстап, жерге құлатып, алтын сырғаларын, сақиналарын шешіп, телефонын тартып алған.

“Әйел адам полицияға жүгініп, жедел-іздестіру шаралары бірден жарияланды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсынылған 15 азаматтың ішінен жәбірленуші 1971 жылы туған бір ер адамды көрсетті”, – делінген полиция ақпаратында.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!