Танымал хитмен Қайрат Нұртасқа Оралдағы ән кешінде тыңдарманы бір сөмке сүр ет пен қазы сыйға тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оралдық тұрғын сахнаға шығып сүйікті әншісіне бағалы сыйлық табыстады.

“Бұл бағалы сыйлық. Не екенін айтайын. Бұл Оралдың, Жайықтың суын ішіп, көк шөбін жеген жылқының сүрленген еті мен қазысы. Менің замандастарым мен Нұртас пен Гүлзира ханымға арнайы Ақсоғым деген ауылдың еті. 22 наурызда отбасыңызбен Орал халқының атынан Оралдың дәмін татыңыздар. Мен гүл емес, ет сыйладым. Гүлді сен маған сыйла”, – деді тыңдарман.

Сыйлығымен қуантқан тыңдарманына алғыс айтып, Қайрат Нұртас сахнаға гүл шоқтарын алдыртты.

Ерекше тарту желі қолданушыларын да таңғалдырды.

“Оралдықтар, мықтысыздар”, “Ең керемет сыйлық”, “Жарайсыз, Алла ниетіңізге берсін”, “Кең пейілді қазағым”, “Расымен ерекше сыйлық екен”, “Сыбаға беріп жатыр”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!