Қайрат Сатыбалдының процесі екі іс бойынша қаралып жатыр. Онда «Қазақтелеком» АҚ және «ЦТС» АҚ-тан қаражаттың қалай жымқырылғаны баян етіледі.

Астанада Қайрат Сатыбалдының соты бүгін онлайн режимде өтті. Сотталушы тергеу изоляторынан видеобайланыс арқылы сотқа қатысты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сот басталар алдында судья БАҚ өкілдерінің процеске қатысу қажеттігі, видео және фото тарату мәселесі жөнінде тараптардың пікірін сұраған. Қайрат Сатыбалды тарапы оған қарсылық білдірді. Жәбірленуші компаниялар тарапы бұл мәселені сот қарауына қалдырды. Ақыры, судья сот процесінен видео және аудио таратуға шектеу қойып, бұл тыйымды бұзғандарға жауапкершілік барын ескертті.

Сотта сотталушының адвокаты Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындайтынын, екі компанияның 12 млрд теңге және 28 млрд теңге шығынын өтегенін мәлім етті.

Қайрат Сатыбалдының процесі екі іс бойынша қаралып жатыр. Онда «Қазақтелеком» АҚ және «ЦТС» АҚ-тан қаражаттың қалай жымқырылғаны баян етіледі.

Тергеу нұсқасы бойынша, Қайрат Сатыбалды Шыңғыс Қоңырбаев деген азаматпен және «Қазақтелеком» АҚ өкілі  Леонид Муравьевпен бірге афиилирленген компания ашқан. Ол компания ұлттық компания мен клиенттер арасында делдал болған. Олардың әрекетінен 12 млрд теңге шығын келген.

Екінші іс «ЦТС» АҚ-қа қатысты. Ондағы факт алдыңғы схемаға ұқсас. 2014 жылға дейін «Центр транспортного сервиса» АҚ компаниясын «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы иеленеді. Алайда 2015 жылы компания тендер арқылы 1,7 млрд теңгеге «ТОО «Темір Триумф» ЖШС-ға сатылған. Оның соңғы бенефициары Қайрат Сатыбалды болған. Екі компаниядан сотталушы мен оның делдалдары 28 млрд теңге иеленген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!