Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында қаңтар оқиғасына қатысқан 717 адамның сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
![қаңтар](https://stan.kz/download/uploads/2022/08/full_1659346615f059e47911c34e6dc152cd8061d06ec0_webp.webp)
«Қаңтардағы оқиғалар бойынша сотқа барлығы 474 қылмыстық іс жолданды, олар бойынша 717 адам сотталды. Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Нұрлыбек Сәбитовтің дерегінше, тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. Сараптамалық ұйымдардың өндірісінде 4 мыңнан астам зерттеулер бар.
«Міндетті тергеу әрекеттері қылмыстарға әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады. Қылмыстық қудалау органдары толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін барлық күштер мен құралдарды жұмылдыруда», – деп қосты ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!