Қазалыда «Қызылорда газ» ЖШС-нің 2 стационарлы газ құю бекеті ашылды. Оның бірі аудан орталығы – Әйтеке би кентінде орналасса, екіншісі Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесінде орын тепкен.

Бүгін Әйтеке би кентінің Қ.Пірімов көшесінде орналасқан газ құю бекетінің ашылу салтанатты өтті. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңа станцияда автокөліктерге газды тәулік бойы құю қызметтері қарастырылған. Бір мезгілде 2 бірлік техникаға дейін толтыру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, мұнда клиенттерге шағындүкен қызмет көрсетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!