Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскескелерінде дауыс беру өтіп жатыр. Облыс бойынша 304 комиссия мүшелері жұмыс жасауда.

Қызылорда облысы бойынша тізімге енгізілген сайлаушылар саны 36 071, сағат 11.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 8501 – 23,6% құрады.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 1172 – 14,6 %.
Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 970 – 36,3%.
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 509 – 14,9%.
Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 680 – 18,9%.
Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 779 – 27,7%.
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 1815 –43,0 %.
Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 2576 – 22,7 %.

Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ.

Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестік және коммерциялық емес ұйымдардың, сенім білдірген адамдары мен байқаушылары – 313 адам байқау жүргізуде. Сенім білдірген адамдар-116, Саяси партиядан – 121, қоғамдық ұйымдардан – 74, БАҚ өкілдері – 2

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!