Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Пакуатдин Шамұратов тағайындалды.

Пакуатдин Шамұратов кәсіби әлеуеті, іскерлігі мен ұйымдастыру қабілеті жоғары маман.
Жастайынан мемлекеттік қызметтің ең жауапты деген жер, сәулет, құрылыс салаларында мол тәжірибе жинаған.

Түрлі деңгейдегі қызметтерді абыроймен атқарып, іскер қызметкер ретінде өзін дәлелдеген.
2017-2020 жылдары Тасбөгет кентінің әкімі болған. Соңғы жылдары қалалық құрылыс бөлімінің басшысы және Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Облыс әкімі Пакуатдин Сыражадинұлына сәттілік тілеп, экономиканың күретамыры саналатын саланының дамуына қан жүгіртіп, алған білімі мен жиған тәжірибесін арнайтынына сенім білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!