Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығына сәйкес облыс әкімінің 2021 жылдың 20 қаңтарындағы №185 қаулысы негізінде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия» құрылды.

Өңірлік комиссия құрамына 21білікті маман мен зерттеушілер енгізіліп, жұмыс жоспары бекітілді.

Өңірлік комиссия жанынан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында ғалымдар, зерттеушілер мен өлкетанушылардан тұратын облыстық жұмысшы тобы құрылды.

Осы құрылған жұмысшы тобының жұмыс кестесіне сәйкес үстіміздегі жылдың 26-28 қазан күндері аралығында Қызылорда қаласы және Арал, Қазалы аудан орталықтарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жаппай жерленген жерлеріне экспедиция жұмыстары жүргізілді.

Экспедиция құрамында Облыстық мәслихат хатшысы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық жұмысшы тобының мүшесі Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, облыстық жұмысшы топ жетекшісі Жүнісов Абайбек Талғатұлы, А. Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасының директоры, облыстық жұмысшы топ мүшесі Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, облыстық жұмысшы топ мүшесі Ахметбек Бақытжан Мұқаррамұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты облыстық жұмысшы топ мүшесі Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы, «Рухани жаңғыру орталығы» КММ директорының орынбасары, облыстық жұмысшы топ мүшесі Сахиев Сәулет Ерназарұлы болды.

Жүргізілген экспедиция жұмыстарының нәтижесінде алдағы уақытты саяси қуғын-сүргін құрбандарының жаппай жерленген жерлеріне белгі орнату және зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!