«Қазақстан темір жолы» компаниясы Қызылорда облысы аумағында жүк пойызы локомотивінің өртену себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың 16 мамырында Қызылорда-Жосалы учаскесінде жүк пойызының локомотиві өртенді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт аудандық өртке қарсы қызмет күшімен жедел түрде өшірілді», – деп атап өтеді «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметінен.

Компания мәліметінше, оқиға орнына қосалқы локомотив жіберілген.

Өрттің шығу себептерін анықтау жұмысы жүріп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!