Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында қала әкімі Асылбек Шәменов, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Аида Әбибуллаева, Палата директоры Пірмұхаммед Сыздықов кәсіпкерлердің жер қатынастарына қатысты құжаттарын рәсімдеуді оңтайландыру үшін үш жақты меморандумға қол қойды.

Шарада «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ облыстық филиалының жақында тағайындалған директоры Аида Әбибуллаева жер телімдерінің рұқсат құжаттарын заңдастыруға қатысты кәсіпкерлердің өтініштерін қысқа мерзімде қарап, рәсімдеу үшін тиісті шаралар қабылдап жатқанын жеткізді.

«Меморандум жасау туралы ұсыныс Аида Ибрагимқызынан түсті. Бұл қадам кәсіпкерлердің бизнес жобаларын жүзеге асыру мерзімін жақындатып, уақытын үнемдеуге мүмкіндік берері сөзсіз», – деді Палата директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Бұған дейін Палата кәсіпкерлік мақсаттағы жер, ғимарат құжаттарына қажетті рұқсат құжаттарын жеңілдету бағытында бірқатар мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын тұрақты тиісті органдарға ұсынып келеді. Жергілікті әкімдіктермен бұл бағытта нәтижелі жұмыстар бар.

Шарада «Азаматтарғаарналғанүкімет» КЕ АҚ облыстық филиалының директоры Аида Әбибуллаева жер телімдерінің рұқсат құжаттарын заңдастыруға қатысты кәсіпкерлердің өтініштерін қысқа мерзімде қарап, рәсімдеу үшін тиісті шаралар қабылдап жатқанын жеткізді.

«Бүгінгі күнге дейін жерді заңдастыру үшін қажетті құжаттардың бірі жерге орналастыру жобасы 30 жұмыс күні ішінде дайындалып келсе, ендігі жерде 15 күнтізбелік күн ішінде әзірлеп береміз. Ал, жер-кадастрлық жоспар 10 жұмыс күні ішінде дайындалса, оны 7 жұмыс күнге қысқартамыз. Кейін бұл жұмыстар бір жүйеге келген соң, мерзімді одан да қысқа мерзімге азайту мәселесін қараймыз. Сонымен қатар, алдағы уақытта кәсіпкердің сенімхаты негізінде жергілікті атқарушы органдарға берілетін өтінішінен бастап, қабылданған түпкілікті құжатын тіркеуге дейін қызметті көрсетуді жоспарлап отырмыз. Бұл ретте филиалдың қызметі жауапкершілік, жалпыға тиімділік, жүйелілік және жеделдік қағидаттарын негізге аламыз», – деді Аида Әбибуллаева.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласы әкімдігі жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертіп, кәсіпкерлік нысанын заңға сәйкес құжаттандырғысы келетін азаматтарға Жер Кодексінің 49-бабын басшылыққа алып, бөліп төлеуге мүмкіндік беріп жатыр. 

Бұл қадам бірқатар оң нәтиже береді. Жер телімін сатып алу-сатудан түсетін бюджетке кіріс ұлғаяды, нысаналы мақсаты кәсіпкерлікке ауысқаннан кейін, бюджетке түсетін жер салығының көлемі артады, жер телімімен бірге үстіндегі ғимараттың да бағалау құны артып, мүлік салығынан түсетін кіріс көлемі артады, кадастрлық құнды төлеу үшін пайызбен несие алу көлемі төмендейді, облыс көлемінде заңсыз құрылыстар қатары төмендейді.

Бизнес өкілдері жер телімдеріне қатысты мәселемен кездескен жағдайда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына хабарласа алады. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата 123, «Бизнеске арналған үкімет» ғимараты. Байланыс нөмірі 8 /7242/ 40-09-81.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!