Өткен жылы облыс көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірынғай тізіліміне 386 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 20 есірткі затын сату, 14 есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау және 75 құрамында заңмен тыйым салынған есірткі құралы бар сора өсімдігін егу дерегі. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 296-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың 276 дерегі анықталған.

Заңсыз айналымнан барлығы 350 кг. жуық есірткі заты алынды, оның 2 кг.289 гр. гашиш.

Нашақорлық  пен  есірткі  қылмыстарының  алдын  алу  мақсатында  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы  тарапынан  алдын  алу  жұмыстары  іске  асырылуда.

Облыс  көлемінде  жалпы  328 іс-шара  өткізіліп,  олардың  9  – акция,  96 – лекция,  8 – дөңгелек  үстел,   24 – кездесулер,9  – спорттық  іс-шаралар, 166 – онлайн-сайыстар. Атқарылған  іс-шаралардың  147- үкіметтік  емес  ұйымдармен,  185 –  мектеп  инспекторларымен,  ал  15 – жоғарғы  және  арнаулы  орта  оқу  орындарында  ұйымдастырылды.  Жалпы  ұйымдастырылған  барлық  іс-шараларға   44 мыңға жуық   адам  қатысты.

 Есірткі  сату  және  тағыда  басқа  есірткі  заттарына  байланысты  жасалып  жатқан  қылмыстар  мен  құқық  бұзушылықатар  жайлы  хабарламаларды  қабылдау  үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында   27-55-42  «Сенім  телефоны»  номері жұмыс атқарады.