Ресейлік Александра Астахова Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне гүл шоқтары мен алғысын білдіретін плакат әкелді. Ол өзгелерге де кіреберіске алғыс айту ілтипатын қалдыруға болатынын жеткізді.

Ресейлік ару қазақстандықтарға мобилизациядан кейін елден кетуге мәжбүр болғандарға көмектескені үшін алғысын білдірді.

«Мұны бірінші болып жасадым. Өз іс-әрекеттерімді полицейден, тіпті елшілік өкілдерінен де рұқсат сұрай отырып жасадым. Енді ресейлік босқындарға көмектескендерге алғысыңызды елшілік кіреберісіне қалдыра аласыз», – деп жазды ол Twitter-де.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!