Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина биыл 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша өтетін референдумда қанша қазақстандық дауыс беретінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің өкілдері ұсынған мәліметтері мен есептеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар республика бойынша тізімге 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді», – деді Сәбила Мұстафина.

Ол нақты қанша бюллетень дайындалатынына тоқталды.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның нормасымен дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскедегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен учаскелік референдум комиссияларына жеткізілетіні белгіленген. Демек, 12 миллион 367 мың – 138 дана дауыс беруге арналған бюллетень дайындалуы керек.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның нормасында дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік референдум комиссияларында дауыс беруге 3 күн бұрын, кемінде 1 күн бұрын жеткізілетіні белгіленген», – деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі.

Еске салайық, бұған дейін Орталық референдум комиссиясында референдум бюллетені таныстырылған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!