Австралияда жасанды интеллект агенті спортзалдың брондау жүйесіндегі осалдықты өздігінен тауып, оны пайдаланып, өз иесін күту тізімінде бір орын алға жылжытқан. Алайда ЖИ-ге басқа адамның брондауын тоқтату туралы ешкім тапсырма бермеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News мәліметінше, Австралиядағы Affinda компаниясының қызметкері Эндрю Бёрд ЖИ-ге танымал жаттығуға орын брондауды тапсырған. Алайда бос орын болмағандықтан, ол күту тізімінде төртінші болып тұрған.

Сол кезде ЖИ спортзалдың брондау жүйесін зерттеп, басқа адамның брондауын тексермей-ақ алып тастауға болатынын анықтаған. Агент тізімде бірінші тұрған адамның брондауын жойып, нәтижесінде Бёрд төртінші орыннан үшінші орынға көтерілген.

Бёрд кейін ЖИ-ден жойылған брондауды қайта қалпына келтіруді сұраған. Бірақ ЖИ оны қайтара алмаған. Осыдан кейін Бёрд болған жағдай туралы сервис әзірлеушілеріне хабарлаған.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай ЖИ-агенттерді қолданудың жаңа қаупін көрсетеді. Қарапайым чат-бот тек сұрақтарға жауап берсе, ЖИ-агент тапсырманы орындау үшін өздігінен әрекет жасап, оған жетудің түрлі жолдарын іздей алады.

Сондықтан мамандар ЖИ-агенттердің аккаунттарға қолжетімділігін шектеуге және басқа адамдарға әсер етуі мүмкін әрекеттерді жасамас бұрын пайдаланушыдан рұқсат сұрайтын жүйе орнатуға кеңес береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!