Экономист Арман Бейсембаев ресейліктердің ағымына байланысты рубль мен теңгенің жайын айтты. Бүгінде жаппай Қазақстанға келгендер рубльдерін теңгеге алмастыруда. Ал рубльдің біздің ел үшін маңызы қаншалықты? Экономист мұның ел экономикасына әсерін айтып берді.

“Еліміз Ресеймен өзара тығыз сауда саттық қатынаста болғандықтан екі елдің ақша айналымында біз үшін рубль қажет емес деп айта алмаймыз. Бізге бәрібір сауда бағытында рубль керек. Сол себепті оның экономикамызға аса бір әсері болады деп айта алмаймын. Әрине, қазір Ресей нарығы құлдырауда. Алайда бұл сауданың болмайтынын білдірмейді”,- деді Арман Бейсембаев.

Маман қазіргі уақытта теңгемен алмастырылған рубльді қайда жұмсайтынын шешу банктердің міндеті екенін айтады. Пікірінше, сол себептен де рубль толқынының келуі ең бірінші банктер жүйесіне білінеді. Бірақ экономикамызға еш әсері жоқ.

“Рубльдің елге көп әкелінуі теңге мен рубльдің курсына әсер етпейді. Теңге мен рубль курсы доллар-рубль мен доллар-теңге бағамына тікелей байланысты. Ал елімізге келген ресейліктердің жаппай рубльдерін ауыстыруы экономикамызға да теңге рубль бағамына да айтарлықтай әсер етпейді”,- деді экономист.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!