Әже деген бөлек әлем екен. Оны әжем дүниеден озғанда сезінгенім мен үшін өте ауыр.
Жаздыгүні ыстық аптапта үйге келгенде ыстық шайын баптап ұсынатын әжем екен. Сәкіде отырып, далада ойнап жатқан балаларды жай қарап қана қоймай, оның әрбірінің іс-әрекетіне қарап, өзінше ой түйіп отыратын, қайран, әжем-ай! Доп тепсек те, егер бір бірімізге тиіп кетердей болса, қатты тимесін деп, жай тебіңдер деп шыр-пыр болып отыратын да тек әжем екен ғой. «Қатты жүгірме, айғайлап, бір-біріңе қатты дауыс көтерме, бір-біріңді ұрма» деп бәрімізге ақылын айтып отыратын еді жарықтық. «Қойшы, әже, сіз де қайта-қайта айта береді екенсіз» деп ренжитін едік сонда.
Әжесі бар балалар бақытты екен ғой. Үйіңде әжең болса, оның қадірін біл, досым.
Саят АСҚАР,
№261 орта мектептің оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!