Мәдениет министрлігі жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр.

Әкімшілік кодекске ұйымдастырушы мен әртістің «нормативтік емес лексиканы қолдануы, ішімдік ішуі, масаң күйде болуы, есірткі, психотроптық заттарды қолдануына…» қатысты жауапкершілік енгізбек.

Ұйымдастырушы тарапынан:
жеке тұлғаларға – 150 АЕК (459 450 теңге), заңды тұлғаларға 750 АЕК (2 297 250 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады.

Ал әдепсіз әртіске 150 АЕК (459 450 теңге) айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 250 АЕК (765 750 теңге) болады.

дереккөз: inbusiness.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!