Шиелі ауданындағы «РУ-6» кен басқармасының еңбек ұжымы 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Жақсылық жасауға асық» атты ерекше балаларды қолдау жәрмеңкесін өткізген болатын.

Мекеме қызметкерлері өздері дайындаған бұйымдарын сатылымға шығарып одан түскен қаражатты арнайы қорға өткізді. Одан бөлек арнайы дайындалған жәшікке қосымша ақша салынды.

 Мінеки енді тура бір айдан кейін Халықаралық балалар мерекесі күні «РУ-6» кен басқармасының   бас директордың қаржы және экономика  жөніндегі орынбасары Олжас Жұмабай  мен мекеменің еңбек озаттары қорға жиналған бір  миллион теңгеге жуық қаражатқа алынған «Дэльфа 142.1» атты логопедиялық тренажерді әлеуметтік-медициналық педагогикалық мекемесіне  сыйға тартты. Бұған қосымша бүлдіршіндерге әртүрлі ойыншықтар мен жеміс жидек себеттері таратылып берілді.

Оңалту орталығының басшысы Гүлмира Бердиева «РУ-6» кен басқармасының еңбек ұжымына  шексіз алғысын білдірді, ал  балалар қонақтарға өз өнерлерін көрсетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!