Фото: OTYRAR.KZ

Шымкентте танымал «Nestle» маркасының 48 мың жалған тәттісі тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тауарлар «Kit Kat» және «Nesquik” сынды танымал брендтердің атын жамылған. 

Жалған өнімді Шымкентте “Б” ЖШС компаниясы көтерме сауда арқылы сатып, таратқан. Тексеріс «Nestle S.A.» компаниясы арызданғандықтан жасалды. 

“Қазір іс материалдарын Шымкент қаласы әділет департаменті қарап жатыр. Тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін компания иесін жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр”, – делінген әділет министрлігінің ресми мәлімдемесінде.  

Құқық иесіне келтірілген шығын көлеміне қарай іс материалдар сотқа немесе экономикалық тергеулер қызметіне жіберіледі. Айыпты тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!