Күдіктінің «Жусан» операциясымен Сириядан қайтарылғаны туралы ақпарат пайда болды.

Ақтауда үш баласын бауыздап өлтірді деген күдікке ілінген ер адамға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің «Жусан» арнайы операциясы кезінде Сириядан қайтарылғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкеспейді.

«Наурызда Ақтау қаласында балаларын өлтірген деп күдіктелген тұрғынға қатысты берген учаскелік полиция инспекторының мәлімдемесі тексерілді. Полицей күдіктінің қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі «Жусан» бағдарламасының қатысушысы болғанын және есепте тұрғанын айтқан еді.

Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Сондықтан қызметкермен алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін «Kөреміз» бағдарламасында құқық қорғау органдарының өкілі 36 жастағы Жәнібек Есеновтің «Жусан» операциясы кезінде Сириядан қайтарылғанын айтқан болатын. Есеновтың бұрынғы әйелінің туыстары оның дәстүрлі емес діни ағымның мүшесі екенін хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!