Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы А. Болат тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 16 қараша күні Қызылорда облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында басқарма ұжымына жалпы еліміздегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жайында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша мағлұмат берілді.

Сонымен қатар, басшылардың қарамағындағы бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің заңсыз сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулері жайында атап өтілді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бойынша бірқатар ұсыныс пікірлер талқыланды.

Шара соңында қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, сауалдарға жауаптар берілді.

Ерсін ШАМШАДИН