Қазір барлық қажет сараптама тағайындалған, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті тергеу изоляторында өзіне қол жұмсады, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 3 желтоқсанда Талғар ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 3-1-бөлігінде («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») көзделген қылмыс жасады деген күдікпен бұрын сотталған 19 жастағы күдіктіні ұстаған. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша қамауға алынған.

Ал 5 желтоқсанда сағат 13:55 шамасында күдікті уақытша ұстау изоляторы камерасында асылып қалған.

Қайтыс болу дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Қазір барлық қажет сараптама тағайындалған, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!