Қарағанды облысы Приозерск қаласының прокуратурасы әлеуметтік желіде тараған жергілікті полиция бастығы мен мейрамхана әкімшісінің әңгімесі түсірілген видеоға түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынған

Видеодан полиция қызметкерінің телефон арқылы мейрамхана әкімшісіне дөрекі түрде жаңа жыл түні жұмыс істеуге тыйым салғанын көруге болады. Тапсырыс алып қойғанын, жаңа жыл түні жұмыс істеуден басқа амалы жоғын айтқан кәсіпкерге полиция бастығы мейрамханада тексеру жүргізіп, біржола жауып тастайтынын айтып қорқытады. 

Прократураның тексеру нәтижесінде Конституцияның кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы бабының талаптарын бұзу фактісі анықталған.

“Аталған факті бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде тәртіптік комиссия Приозерск қаласы полиция бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ҚР ІІМ-ге жолданды”, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, аталған полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!