Тұңғыш Президент туралы заң жыл соңына дейін күшін жояды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Конституциядан Елбасы жөніндегі пунктер алынды ғой. Қазір еліміздің заңдарын Ата Заңға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр», – деді Ерлан Саиров тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұл жұмыстардың аясында «Тұңғыш Президент-Елбасы» туралы Заң қазір Мәжілістің профильді комитеттерінде қаралып жатыр.

«Жылдың аяғына дейін Мәжілістің жалпы отырысына ҚР Тұңғыш Президент туралы Заңның күшін жою мәселесі дауысқа қойылатын болады», – деді депутат.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!