Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» авиациялық құтқару бөлімшесінде 10 құтқарушы екінші ұшқыш ретінде дербес ұшуға кірісті.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Тұрысбекова Бибихан, Жәнібек Ерасыл, Сәбитов Темірболат, Бисенбеков Жарас, Қуанышұлы Нұрдәулет және Базарбаев Әлішер қызметке кірісу бағдарламасынан өтті. Ұшқыштар ұшуға жіберіліп, ресейлік Ми-8Т әуе кемелері экипаждарының құрамында тікелей жұмыстар жүргізе бастады. Сондай-ақ, 4 құтқарушы ұшқыш Eurocopter шығарған батыс тікұшақтарында арнайы операцияларға қатысады. Олардың қатарында Ахметов Расулбек, Нұрғалиева Назель, Бақтыбай Елдос және Түгізбаев Бисенғали бар.
Бүгінгі таңда ұшқыштар Қазақстанның барлық аумағында әуе кемелерінің орналасу орындары бойынша анықталған және халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету және науқастар мен зардап шеккендерді әуе кеңістігі бойынша жедел тасымалдау, іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу, өрт ошақтарын патрульдеу, сондай-ақ ТЖМ жеке құрамын, құрылымдық аумақтық бөлімшелерді және ерікті құтқару құрамаларын Төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша ұшуларды орындайды. Жас құтқарушылар Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясын үздік бітірді, содан кейін Қазақстан ТЖМ авиациялық бөлімшесінде жұмыс істеу үшін іріктелді. Екінші ұшқыштың қызметіне қол жеткізу үшін олар «Қазавиақұтқару» ұшқыштар құрамын даярлау бағдарламасынан өтті. Бағдарлама аяқталғаннан кейін Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» екінші ұшқыштың дербес кәсіби қызметіне рұқсат берді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» авиациялық құтқару бөлімшесінің басшылығы жас құтқарушы-ұшқыштарды даярлауға ерекше көңіл бөледі, өйткені олардың одан әрі жұмысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі өмірлік маңызды міндеттерді орындаумен байланысты. Ұшу қызметіне жас мамандар келуде, мықты кадрлық резерв қалыптасуда. Бұл ретте «Қазавиақұтқару» әуекомпаниясы жұмысының басты мызғымас негізі – ұшу қауіпсіздігі мен адамдарды құтқару болып қала береді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!