Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Волонтерлік – қоғамның дамуына, әл-ауқатын арттыруға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған топ. Бұл қызмет түрі адамның рухани дамуына, өмірлік тәжірибе жинап, жаңа мүмкіндіктер есігін ашуға септігінтигізері сөзсіз.

Бұл іс балалар, қарттар үйлерінде, ауруханалар, мектептер, экологиялық акцияларда және тағы дабасқа салаларда жүзеге асырылады. Волонтер өз еркімен уақыты, күші мен ресурстарын жұмсай отырып, қоғамның дамуына үлес қосады. Сондай-ақ, адамның жеке дамуына да ықпал етеді. Оларжаңа дағдыларды игеріп, әлеуетін ашады, адамдарға жауапкершілікті сезінуге, топпен, қоғаммен жұмыс істеуге үйретеді.

Қазақстанда жұмыс істейтін волонтерлік топтарбар. Олар көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созуға дайын. Осындай топтардың бірі − ҰВЖ, яғни Ұлттық волонтерлік желі. Бұл Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі. Қазақстанда 2010 жылы азаматтар, азаматтық қоғам институттар, бизнес секторларжәне мемлекеттік құрылымдар арасындаволонтерлік мәдениетті қалыптастыру, бастамаларды қолдау және дамыту мақсатында құрылған. Бұл басылым стратегиямен қатар озық тәжірибені қамтиды. Мақсаты – ұйымдар мен жекетұлғаларға волонтерлік қызметті дамытуға көмектесу, Қазақстандағы волонтерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу.

Волонтерлік ақшалай көмектесу ғана емес, ол мұқтаж адамдарға үміт сыйлайтын іс. Сондықтан осындай қоғам қызметіне қатысу әр адамның маңызды міндеті. Себебі осы арқылы біз өзімізге және айналамызға оң өзгерістер әкелеміз.

Ғазиза ТӨЛЕУҒАЗЫ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда 

университетінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!