14 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Кей өңірлерде үсік сақталып, елдің оңтүстігінде жылы ауа райы орнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында және Жетісу облысының таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі.

Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +18…+20°C.

Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.

Шымкентте ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды, жел екпінді болады. Түнде +10…+12°C, күндіз +27…+29°C.

Ақтөбеде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Түнде +8…+10°C, күндіз +25…+27°C.

Ақтауда ауыспалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауады. Түнде +17…+19°C, күндіз +25…+27°C.

Атырауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Шаңды дауыл соғып, жел күшейеді. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Жезқазғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел екпінді болады. Түнде +9…+11°C, күндіз +24…+26°C.

Қарағандыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +3…+5°C, күндіз +17…+19°C.

Көкшетауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C.

Қонаевта ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +5…+7°C, күндіз +21…+23°C.

Қостанайда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.

Қызылордада күн ашық болады. Күндіз шаңды дауыл соғып, жел күшейеді. Түнде +10…+12°C, күндіз +29…+31°C.

Павлодарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C. Топырақ бетінде -1°C дейін үсік жүреді.

Петропавлда ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел күшейеді. Түнде +4…+6°C, күндіз +17…+19°C.

Семейде ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз жел екпінді болады. Түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C.

Талдықорғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3°C, күндіз +18…+20°C.

Таразда ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел күшейеді. Түнде +7…+9°C, күндіз +24…+26°C.

Түркістанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болып, жел күшейеді. Түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.

Оралда ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C.

Өскеменде ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз жел күшейеді. Түнде +4…+6°C, күндіз +13…+15°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!