Sputnik. Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың I тоқсанында елдегі жалақы қандай салаларда өскенін жариялады.

Қазақстан бойынша орташа айлық атаулы жалақы 2026 жылдың I тоқсанында 461486 теңгені құрады.

«2025 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 109,1%-ды, нақты мәнде – 97,7% өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2026 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша 331527 теңгені құрады», – деп жазылған хабарламада.

2025 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі мына салаларда байқалады:

ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%;

қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%;

сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 16,5 %;

электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 14,7%;

көлік және жинақтау – 12,9%;

өнеркәсіп – 11,6%.

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде орташа айлық жалақы – 7,0%-ға, білім беру – 4,2% өсті.

Өңірлік бөліністе 2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы ең көп өскен аймақтар:

Абай облысында – 14,2%,

Павлодар облысында – 12,4%;

Жетісу облысында -12,2 %;

Алматы облысында – 10,9%;

Алматы қаласында – 10,7 % -ды құрады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!