Зеленский жол апаБелорусь президентінің баспасөз хатшысы ел басшысы Владимир Зеленскийдің Киевте жол апатына ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “РИА Новости” сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз хатшысының айтуынша, кортеж жеңіл көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жол нұсқаушы көліктер мен жеңіл көлікке шығын келген, алайда ауыр жарақат алғандар жоқ.

«Мемлекет басшысына еріп жүрген дәрігерлер жеңіл көлік жүргізушісіне алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды. Президентті дәрігерлер қарап шықты, денесінен зақым анықталмады”, – деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!