2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтатады.

Қосымша операциялық жүйе iOS 9 немесе Android 4.0.3-ге дейін жаңартылмаған құрылғыларда істен шығады. Ең алдымен, бұл iPhone 4 және оның ерте шыққан модельдеріне қатысты.

iPhone 4S, iPhone 5, iPhone 5S, iPhone 5C, iPhone 6 және iPhone 6S смартфондарында WhatsApp қайтадан жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді iOS 9-ға дейін жаңарту керек, деп нақтылады басылым.

Бұдан бөлек, хаттарды жоғалтып алмас үшін олардың резервтік көшірмесін жасау ұсынылды.

Sputnik Қазақстан

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!