Жаңақорған ауданында соққан қатты жел 5 ғимарат пен екі қабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24 сәуірде Жаңақорған ауданы аумағында қатты жел соғып, салдарынан 5 ғимарат пен екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткен.

«Жел №51 орта мектеп, аудандық ветеринариялық зертханасы, аудандық әкімдігі, аудандық қаржы бөлімі және агралық-техникалық колледжінің және оған қоса Алтынсарин көшесіндегі 2-қабатты тұрғын үй шатырын ұшырған»,

– делінген департамент хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ қатты жел мен жаңбыр ауданның электр жүйесіне де әсер еткен. Жаңақорған кенті мен бірқатар ауылдарда оған байланысты авариялық жағдай тіркелген.

Аудан әкімдігі ақауды қалпына келтіру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазалыда қатты жел бірқатар нысандардың шатырына ұшырып әкетті.