«Жаңа Қазақстанды» құру кезеңінде барлық сала жаңаша қызмет етуі керек. Осыған сәйкес «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXІ съездінде партияның жұмысын жетілдіру мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілген болатын. Аталмыш тапсырмалар негізінде                 «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съездінде партия қызметінің модернизациялаудағы 7 басымдығы таныстырылды. 7-ші бағыт бойынша «Jas Otan» Жастар Қанатының жұмысын жетілдіру бойынша «Biz Birgemiz», «Волонтер мектебі», ауыл жастарының әлеуетін арттыру бойынша «Өрлеу», жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін «Қайсар» жобалары жүзеге асырылатын болады. Жас депутаттар корпусының жұмысын жетілдіру бойынша да бірқатар жұмыстар қолға алынады.

Сонымен қатар мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов партияның атын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсыныс жасады. Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдады. «AMANAT» сөзінің мәні мен мағынасы бойынша тағы да біздерге, жастарға сенім артып жатқандай. Ертеңгі елдің болашағын АМАНАТ етіп береміз деген ұранға саяды. 

Билік партиясының алдағы уақытта атқарар жұмыстары аз емес, барлығы өз кезегімен атқарыларына сенімдіміз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!