Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мереке күндері ресми демалыс күні жарияланады. Мереке демалыс күніне тура келсе, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып бекітіледі. Осыған орай қазақстандықтар 2021 жылдың желтоқсан айында мерекелер мен демалыс күндерін ескере отырып, жалпы алғанда 11 күн демалады.

Жылды аяқтайтын желтоқсан айында екі мейрам бар. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні, ал Тәуелсіздік мерекесінде 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері қатарынан демалыс беріледі.

Тұңғыш Президент күні сәрсенбіге түседі. Бұл демалыс күні болады. Одан кейін Тәуелсіздік күнінде қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалады –  16, 17 және 18, 19 желтоқсан күндері (сенбі және жексенбі). Мерекелік демалыс күндеріне алты күнтізбелік демалыс қосылады.

Жылдың соңғы күніне келетін болсақ, 31 желтоқсан жұмаға түседі. Бұл жұмыс күні болады. 

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар  1, 4, 5, 11, 12, 16, 17, 18, 19, 25 және 26 желтоқсан күндері демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндерге демалыс 1, 5, 12, 16, 17, 19 және 26 желтоқсан күндері болады.