Аймақта сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шара ұйымдастырылуда, 10 қараша күні «Парасатты жол» жобасы аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Жемқорлық – індет, жою міндет» атты пікір-таласы ізгі істең жалғасы.

Кешке ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Болат Айнұр, Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Ерубай асхат, облыстық жастар ресурстық ортлығының маманы Шақзада Үстем қатысты.

Өз кезегінде Болат Айнұр «Оқырмандар әлеуетін пайдалана отырып қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруда «Парасат жолы» орталықтарының маңызы ерекше – деп атап өтті.

Шара барысында қатысушылар атқарылған жұмыстар туралы баяндап, өз ойларымен бөлісті.

Ерсін ШАМШАДИН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!