2022 жылдың желтоқсанында қамауға алынған журналист Михаил Козачков тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Вадим Борейко өз Telegram-арнасында мәлімдеді. 

«Жаңа ғана құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетовамен сөйлестім. Ол журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпас шарасының өзгергенін мәлімдеді. Оны (Михаил Козачковты ред.) СИ-18 тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырыпты», – деп жазды ол. 

Еске салайық, былтыр 18 желтоқсанда Михаил Козачковты Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында жеке кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікпен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұстаған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!