Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қала орталығында орналасқан «Aray city mall» сауда ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған домбырашылар флешмобын өткізді.

Шараның мақсаты жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамытып, ұлттық өнерімізді насихаттау және ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Шара барысында оқушылар мен ұстаздардан құралған шығармашылық топ. Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» , Дәулеткерей Шығайұлының «Көрұғлы», Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа», «Адай» «Балбырауын», Нұрғиса Тілендиевтің «Баламишка», «Әлқисса», Қазанғап Тілепбергенұлының «Құс қайтару»
секілді қазақ күйлерін шебер орындады. Сонымен қатар, мектептің өнерлі оқушылары Туған жер туралы әсем әндерден шашу шашып, қазақы би өнерін көрсетті. Ойын-сауық орталығына келген облыс тұрғындары жас өнерпаздардың өнерін тамашалап, мерекелік көңіл-күй сыйлаған зияткер оқушылармен бірге қазақ әуендерін шырқады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларға академиялық білім беріп қана қоймай, баланың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіру бағытында көптеген жобаларды іске асыруда. Бүгінгі шарада жас зияткерлер барлық салт-дәстүрлерді дәріптеп, қазақша би мен күй өнерін жаңғыртты. Орталыққа келушілер мәдени азық алып, рухани байи түсті. Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын, 30 жылда жеткен жетістіктеріміз алдағы уақытта өз жалғасын тапсын», – дейді тарих пәнінің мұғалімі Нұркен Әбдіжәлиев.

«Күй – адамға рух беретін, тәрбиелік мәні бар ата-бабамыздан қалған құндылық, қазына. Соны дәріптеуіміз керек. Бүгін шарамызға қатысқан қала тұрғындары ерекше әсер алып, рухани байыды деп олаймыз» – дейді 9-сынып оқушысы Сырсұңқар Базарбайұлы.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған флешмоб жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қатысуымен еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардан құралған мыңдаған домбырашы Бір уақытта қазақи аспаптық шығармаларды домбыра үнімен орындап, мерекені ұлықтайды.