Фото: elements.envato.com
Антикор ғылым саласындағы жемқорлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, ғылымды қаржыландыру саласында жемқорлық тәуекелдері анықталған. Былтыр жыл соңында Агенттік ғылымды қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.
Жүргізілген талдау ғылыми жобаларды іріктеудің ашықтығына, оларды іске асырудың көзбояушылдығына, нәтижелер үшін жауапкершіліктің болмауына, зерттеу қорытындыларының төмен сұранысына, сондай-ақ ғылыми тағылымдамалар үшін гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия құрамына қойылатын талаптардың төмендеуіне байланысты елеулі тәуекелдерді көрсетті («500 ғалым» жобасы бойынша).
«Мұның бәрі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелді. Мысалы, жобаларды іріктеу бойынша конкурстық құжаттама нақты тұлғалар үшін қалыптастырылды, жобаларды ғылыми сараптау рәсімі ашық емес, бағалауды «қол режимінде» іріктелетін үлестес сарапшылар жүзеге асырды. Тізімде тұрған 13,5 мың сарапшының 10 мыңға жуығы (75%) сараптама жүргізбеген. Манипуляция арқылы бағалау нәтижелері «қажетті» жобаларға бейімделді.
11,5 млрд теңгеге 30 зерттеу анықталды, олар бойынша сараптама белгілі бір тұлғалардың мүддесі үшін жүргізілді. Бюджет қаражаты ғылыми жобаларды коммерцияландыру түрімен шығарылды», – делінген хабарламада.
2016 жылдан бастап мемлекет осы мақсаттарға шамамен 32 млрд теңге жұмсады, оның ішінде жобалардың 90 пайызы (145-тен 130-ы) мәлімделген мақсаттарға қол жеткізе алмады, бұл өнімсіз бастамалар.
Сонымен қатар, зерттеулердің 70 пайызы мақалалар мен кітаптар жазумен аяқталды, көптеген әзірлеме практикалық тұрғыдан маңызды болмады.
«Атап айтқанда, Ақпараттық және есептеу технологиялары институты биогаз және био тыңайтқыштар өндіретін жабдықтарды әзірлеуге 290 млн теңге жұмсады. Бұл ретте нарықта дайын аналогтар ондаған есе арзан (19 млн теңгеден қымбат емес, өздері сатып алады).
Сонымен қатар, ғылыми әзірлемелер түрінде жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту қаржыландырылды. Мәселен, 2019 жылы еліміздегі ірі құс фабрикаларының бірі қазақ деликатестерінің технологиялары мен рецептураларын әзірлеуге 300 млн теңгеге жуық қаражат алды. Алайда, іс жүзінде барлық қаражат (92%) жабдықтар мен материалдарды сатып алуға жұмсалды. Талдау нәтижелері бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігіне 100-ден астам ұсыныс енгізілді. Уәкілетті орган оларды іске асыруға кірісті», – делінген хабарламада.
Агенттіктің ұсынысы бойынша Сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру ережелерінде оның мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді, енді жалпы еңбек өтілі 10 жыл, ал мамандығы бойынша өтілі кемінде 5 жыл болу қажет, бұрын 3 жыл болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!