Ерке Есмахан Ninety One экс-мүшесімен Азамат Зенкаевпен кездесіп жүргенін мойындады. Әнші алғаш рет Азамат Зенкаевпен ара қатынасына қатысты пікір білдірді. 

«Ерке Есмахан болу да оңай емес. AZ-мен жүру де оңай емес, бір қарағанда», – деп жазды әнші желідегі парақшасында

Осылайша Ерке Есмахан Зенкаевпен қатынасы жайлы екіұшты жазба қалдырды. 

Бұған дейін БАҚ бетінде Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев көңіл қосты дген ақпарат тарады. Желі қолданушылары екі әншінің бірге жүрген  сәттерінің суреттерін жариялап жатты. Алайда Зенкаев та, Ерке де ара қатынасы жайлы мойындаған да, теріске шығарған да емес. 

Әнші бұған дейін сезімге толы жазба жариялады. Махаббат туралы айтқан ол көпті толғандырып қойған еді.

Желідегі оқырмандары тілегін білдіріп, енді бірі сан сауалдар қойып үлгерді.

«Енді екеуіңнен күшті фото күтеміз», «Жай ғана хайп, хайпсыз өмір сүре алмайсыздар ма?», «Ресми түрде мойындағаныңызға рахмет», «Болды, енді бәріміз тыныш ұйықтайтын болдық», «Сіздер жақсы жарасасыздар, бақыт тілеймін», «Өнер адамымен бірге бола аласыз ба?», «Жүрегіңіздің иесі өзіңізсіз», деп жазды олар. 

Айта кетейік, жастар арасына аса танымал NinetyOne тобының мүшесі Азамат Зенкаев тамыз айында топтан шығып кетті. Әнші топтың лидері, әрі рэпері болды. Әншінің өзі топтан не себепті шығып кеткенін ашып айтқан жоқ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!