Кофені ұйқыдан түрғаннан кейін бір-екі сағаттан соң ішкен дұрыс. Бұл туралы сомнолог-дәрігер, эндокринолог Дарья Лебедева «Газета.Ru» басылымына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Үш түрлі адам бар: бірі кофе ішкеннен кейін өзін сергек сезінеді, екіншісі – дірілдеп, жүрек қағысының жиілеуін байқауы мүмкін, ал үшіншісі – кофе ішкен соң ұйықтағысы келеді. Бұл – кофеин метаболизмінің жылдамдығына байланысты генетикалық ерекшеліктерімізге байланысты: біреуде ол екі сағатта қорытылса, екіншісінде – 12 сағатқа дейін созылады. Сондықтан кофеге қатысты әмбебап кеңестер жоқ. Дегенмен базалық ережелер бар. Мысалы, оянғаннан кейін бір-екі сағат өткен соң, кофе ішуге ең қолайлы уақыт саналады. Бұл уақытта ағзадағы кортизол деңгейі төмендей бастайды. Ал егер дұрыс ұйықтай алмасаңыз, сағат 14:00-тен кейін кофе ішпеген дұрыс. Тіпті түстен кейін ішілген бір кесе кофе де ұйықтау фазасын байқалмаса да, шегеруі мүмкін», – деп түсіндірді дәрігер.

Сондай-ақ, дәрігер созылмалы ұйқысыздық пен мазасыздық кезінде кофеден мүлде бас тартуға кеңес береді. Мұндай жағдайда маманға жүгінген жөн.

«Кофе – егер оны саналы түрде ішсеңіз, зиянды емес. Ол зейінді арттырып, көңіл күй мен физикалық төзімділікті жақсарта алады. Мәселе – кофенің өзінде емес, оны бақылаусыз тұтынуда. Күніне 5-6 кесе ішетін болсаңыз, ол мазасыздық, ұйқысыздық және бас ауруының себебіне айналады. Ал егер кофе ағзаның қажығанын жасыратын «таяқшаға» айналса, онда тұтыну мөлшерін азайтыңыз. Созылмалы шаршауды елемей, керісінше, ұйқыңызды қалпына келтіріңіз», – деп түйіндеді дәрігер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!