Жаз жақындаған сайын күннің қызуы күшейіп, аптап ыстық басталатыны белгілі. Мұндайда тері күтіміне де ерекше көңіл бөлу қажет. Себебі күн сәулесі ағзаға қажет болғанымен, екінші жағынан теріге тікелей әсер ететінін де ұмытпаған жөн. Сондықтан косметолог пен дерматолог мамандар күннен қорғануды күнделікті әдетке айналдыруды ұсынады.

Осы тұста SPF жайлы көп естиміз. Көпшіліктің есіне ол бірден күннен қорғайтын крем ретінде түседі. Бірақ SPF деген не? Ол теріні қалай қорғайды?

SPF (Sun Protection Factor) − күннен қорғану деңгейін көрсететін көрсеткіш. Яғни ол теріні ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен қаншалықты уақыт қорғай алатынын білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, SPF неғұрлым жоғары болса, күннің күйдіру әсерінен соғұрлым ұзақ қорғайды. Мысалы «SPF 30» кремі теріні күннің күйдіру әсерінен шамамен 30 есе ұзақ қорғайды. Дегенмен бұл абсолют уақыт емес. Ол терінің типіне, күнге және кремнің бетке жағылған мөлшеріне байланысты өзгереді.

Сонда неге ультракүлгін сәуледен қорғану керек? Күн сәулесі негізінен үш түрге бөлінеді. Соның бірі – «UVA»терінің терең қабатына өтеді. Олар ерте қартаюға, әжімнің пайда болуына, тері серпімділігінің төмендеуіне әсер етеді. Бұл сәулелер әйнек арқылы да өтеді, яғни үйде немесе көлікте отырсаңыз да әсер етуі мүмкін. «UVB» сәулелері – терінің үстіңгі қабатын зақымдап, күйік, қызару, тітіркену тудырады. Күнге күйіп қалудың негізгі себебі осы. SPF негізінен «UVB»-ден қорғайды.

Көп адам SPF-ті дұрыс қолданбағандықтан, оның әсері төмендеп кетеді. Негізгі ережелер:
● Мөлшері: бетке шамамен екі саусақ сызығындай (fifinger rule) крем қажет;
● Уақыты: далаға шығардан 15-20 минут бұрын жағу керек;
● Жаңарту: әр 2-3 сағат сайын қайта жағу қажет;
● Аймақтар: бет, мойын, құлақ, қолдың ашық бөліктері;
● Макияж: арнайы SPF спрей немесе пудра түрлері қолданылуы мүмкін, бірақ олар кремді алмастырмайды.

Жиі жіберілетін қателіктердің бірі – кремді тек жазда қолдану. Мұнымен қоса «менің терім күймейді» деп елемеуге де, әрі бір рет ғана жағып, күні бойына ұмытып кетуге де болмайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!