Қазақстандық журналист, тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы «Жігер – 2021» сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысты.
«Жігер» байқауының «Әлеуметтік тақырыптағы үздік бағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпаздары:
І орын – Сәния Байтарова, «Жетісу» телеарнасының редакторы («Арнайы хабар» «Меруерттің мұңы» шығарылымы);
ІІ орын – Ерлан Мұқанов, «Ақтөбе» телеарнасының редакторы («Жігер» бағдарламасы);
ІІІ орын – Индира Бектенова, «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы («Әлемді мойындатқан Шардара» бағдарламасы).
Жеңімпаздар диплом, «Жігер» естелік мүсіншесінің және қаржылай сыйақы иегерлері атанды:
I орын – 1 000 000 теңге;
II орын – 500 000 теңге;
III орын – 300 000 теңге.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!