Жастардың арасында бірнеше тіл меңгергендер көп. Полиглоттардың арасында тоғыз немесе ондаған шет тілінде еркін сөйлейтіндер де жеткілікті. Әрине, көп тіл білген ұтады.
Аталған дағды бізге жақында келген жоқ. Көптілділік бірнеше ғасыр бұрын ғұмыр кешкен ұлы ғұламалардың дәуренінен бері жалғасып жатыр. Яғни, адам баласы білім игере бастағанда ең алдымен тіл меңгеру керегін ұғынып, айтып кеткен. Мәселен, әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фарабиді айталық. Ол ізденімпаздығының арқасында 70-ке жуық тiл білген.
Тілді үйреніп қана қоймай, оны трактат жазуға, әлемнің сан түрлі құпиясын ашып, зерттеуге арнаған. Қазақтың ұлы ақыны Абай: «Әр біреудің тілін, өнерiн бiлген кісі соныменен бір деңгейлік дағдыға ие болады» десе, «Қанша тіл білсең, сонша рет адамсың» деп А.Чехов бекер айтпаса керек.
Өткенге көз жүгіртсек, түркі ойшылдарының және қазақтың жарқ еткен жұлдыздарының көпшiлiгi бiр емес, бірнеше тілді жетік меңгергенін аңғаруға болады. Оның үстіне әлемнің алпауыт мемлекеттері сауатты болған. Сондықтан тіл үйренуді тоқтатпау керек.
Айнұр ДОСЖАН
Қорқыт ата
атындағы ҚУ,
Журналистика мамандығының
1-курс студенті
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!