Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырдағы үндеуінде Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғанын жария етті. Үлкен жетістіктер кішкентай, тұрақты қадамдардан басталады. Бұл қадам жаңа Қазақстанды құру жолында жасалған соны бастама деп есептеймін.

«Тәртіпке бағынған құл болмас» дейді Бауыржан Момышұлы. Жаңа қоғам құрар алдында заңды түземей, қоғамды түзеу қателік болар еді. Жаңа Қазақстанды жаңғыртуды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциядан бастауы әділет пен теңдіктің нышаны деп қабылдадым. Қасіретті жайттар қайталанбауы үшін Президент тонның ішкі бауындай селбесуге шақырды. Бірнеше ұлттар қоныстанған өңір болғандықтан бұл көзқарас ерекше маңызға ие. Жаңа қоғамды құру жолында өзге ұлт өкілдерінің де, әр қазақтың да қадамы құнды болмақ.

Жұлдызай МУЗАРАПШИНА,

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі