Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында U19 санатында Айсұлу Мұхит (65 келі) қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Ол жартылай финалда Өзбекстан өкілі Рушанабону Исоевамен кездесті. Айсұлу Мұхит жекпе-жек бойы жеңіске деген жігер көрсетіп, белсенділік танытқанымен, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (0:5) жеңіс қарсылас боксшыға берілді.
Еске салайық, бұған дейін Мадира Жұмақан да Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
