Фото: Instagram/sadvakasovamadina
Белгілі әнші Мәдина Садуақасова тасқын судан зардап шеккендерге 1 млн теңге қаржылай көмек берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әнші бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Елімізде бұндай табиғи апат бұрын-соңды болмаған. Бұндай қиын кезеңдерде бір бірімізге қол ұшын беріп, демеу болайық. Суға кеткен өңірлерде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматтарға мың алғыс! Гуманитарлық пен қаржылай көмек көрсетіп жандарға Алла разы болсын!
Біздің отбасы да өз үлесін қосып,Каспи банк арқылы 1.000.000 т аудардық.! Бұл тек бастамасы, қолымнан келгенше, әлде де көмек беруді тоқтатпаймын, жалғастырамын. Аллам Қазақстанның әр өңірін табиғи апатынан сақтасын! – деп жазады ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!