Ермек Шынболатов. Фото: instagram.com/ermek_shinbolatovv

Актер Ермек Шынболатов көпшілікке «Дәстүр» фильміндегі басты рөлі арқылы кеңінен танылды. Өнер иесі «OZMZ ғой» бағдарламасында биыл отбасы құратынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Отбасым негізі өнерге жақын. Әкем баянда ойнайды, анам домбыра тартады. Бала кезімнен айналыспаған ісім жоқ. Бокстан бастап, футбол, теннис, тоғызқұмалаққа дейін қызықтым. Көп қызығушылығым болды. Алдағы уақытта жаңа қырымнан танисыздар. Дуэт дайындап жатырмын. Биыл қыркүйек айында той болады деген ойым бар. Өте жақсы жан. Көңіліміз бір жерден шықты. Сөйлесіп жүрміз», – деді актер.

Айта кетейік, «Дәстүр» фильмінің көрсетілімі 2023 жылдың 28 желтоқсанында басталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!