Халықаралық дзюдо федерациясы Дохадағы Masters турнирінен соң әлемдік рейтингті жаңартты.
60 келі салмақта Елдос Сметов бесінші орыннан төмендеген жоқ. Ал Ғұсман Қырғызбаев 10-ыншы орында.
66 келіде Ерлан Серікжанов 11-інші, Елдос Жұмақанов 25-інші сатыда тұр.
73 келіде Жансай Смағұлов 2930 ұпаймен 19-ыншы орынға тұрақтады.
81 келідегі Дидар Хамза 28-інші,
90 келіге дейінгі салмақтағы Ислам Бозбаев 20-сыншы орында.
Айта кетелік, Дохадағы турнирде Қазақстан командасы сапынан ең жоғарғы нәтижені Жансай Смағұлов тіркеді. Ол қола жүлде үшін өткен кездесуде жеңіліп, бесінші орын иеленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!